«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қарашадағы №310 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы3 қарашадағы №310 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5113 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. «Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулыныңҚазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  1. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

1
Дата публикации
12 августа 2026