Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қарашадағы №310 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының басшысы Қазақбайұлы Нұркелдіге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Мойынқұм ауданының әкімі Е.Карентаев

Қосымша №1
Дата публикации
23 июня 2026