Мойынқұм ауданында Ақсүйек ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Мойынқұм ауданында Ақсүйек ауылы әкімін сайлау бойынша

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мойынқұм ауданының Ақсүйек ауылы әкімін сайлау бойынша Ақсүйек ауылы шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                  С. Садуакасов

 Хатшы                                                                  Е. Жұмаділдә

 

 

Мойынқұм ауылы,

03 маусым 2026 жыл

№4

Дата публикации
03 июня 2026