Мұқашев Мәлік Мұратәліұлы
Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы
Общая информация, образование
1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. білімі жоғары.
2003 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетін «тарихшы-оқытушы» мамандығы бойынша бітірген.
Карьера
Еңбек жолын 1996 жылы Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімінің қарауылы болып бастаған.
2003-2006 жылдары Ағыбай батыр мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, 2006-2007 жылдары "Мойынқұм таңы" газетінің тілшісі, 2007-2009 жылдары "Нұр Отан" партиясы Мойынқұм аудандық филиалының консультанты, 2009-2013 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар орталығы" КММ директоры, 2013-2016 жылдары Қылышбай ауылдық округінің әкімі, 2016-2025 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2025 жылдың 13 қазанынан бастап Мойынқұм аудандық білім бөлімінің басшысы.