
🚒 Мыңарал ауылында Төтенше жағдайлар министрлігінің бекеті ашылды
Мыңарал ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды нысан – Төтенше жағдайлар министрлігінің бекеті салтанатты түрде ашылды.
Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Муханов Мұрат Сейтмолдаевич, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әли Алтай Сембекұлы, Мойынқұм ауданының әкімі Карентаев Ермек Амангелдіұлы, аудан әкімінің орынбасары Нурадинов Әлібек, сондай-ақ ауыл ардагерлері төрағасы Дәрібек Бухарбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсім барысында құрметті қонақтар жаңа бекетінің ашылуына орай лента қию рәсіміне қатысты.
Жаңа бекетінің іске қосылуы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және орын алған оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бұл – Мыңарал ауылының қауіпсіздігін нығайту және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам.
Жаңа нысан ел игілігіне қызмет етіп, ауылымызда әрдайым тыныштық пен қауіпсіздік орнасын!