Биназар ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Биназар ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

Оның ішінде:

-           0 қызмет (0,0%) – электрондық түрінде;

-           0 қызмет (0,0%) – Мемлекеттік корпорация («Азаматтарға арналған үкімет») арқылы ұсынылады.

         2024 жылдың 12 айында жергілікті атқарушы органдарымен
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініш түспеді.

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылмаған.

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактілері тіркелген жоқ.

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2024 жылы халыққа түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылып, аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 2 мақалалар жариялады.         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
17 июля 2025