Басқармада мамандандырылған база қызметкерлерінің қатысуымен аппараттық жиын өткізілді.
Жиын барысында мамандандырылған базасының кадрлық мәселелері қаралып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланды.
Қорытынды бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Басқармада жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөліміне қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланды.
Жиын барысында алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, тиісті жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, тапсырмаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындау қажеттігі атап өтілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындағы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысының бұйрығымен Расылхан Мағжан жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлім басшысы болып тағайындалды.
Басқармада әскери міндет және азаматтық қорғаныс бөліміне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстар сараланды. Алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Тиісті жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде орындау қажеттігі атап өтілді.
Басқармада аппараттық кеңес өткізіліп, күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Кеңес барысында басқарманың атқарған жұмыстарының қаржылық қамтамасыз етілуі, «Құлан-2026» әскери жиынының қорытындысы, сондай-ақ кадрлық мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, қызметкерлердің қызметтік тәртіпті сақтауына ерекше назар аударылып, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Басқарма басшысы Ерлан Байболат пен «Barуs Dуnamics School» жетекшісі Рахметова Айнагүл Балтабекқызының қатысуымен мамандандырылған әскери мектеп-интернаттың оқу-жаттығу базасы, дрондарды қолдану бағыты мен тиісті жабдықтары зерделеніп, оларды пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Сонымен қатар, практикалық даярлық пен дрон технологияларын қолдану бағыттары бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
15 қыркүйекте басталып, он күнге жалғасқан «Құлан-2026» әскери жиыны бүгін өз мәресіне жетті.
Бірнеше күнге созылған жиын барысында қатысушылар әскери даярлықтан өтіп, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Олар түрлі оқу-жаттығу тапсырмаларын орындап, әскери машықтарын шыңдады.
Жиынның жабылу рәсімінде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, белсенділік танытып, оқу-жаттығу барысында ерекшеленген азаматтар марапатталды.
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегі Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындылары және күзгі шақыру науқанын ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік жиын өтті.
Жиынға жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Ермек Абдуллаев, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшылары қатысты.
Жиында көктемгі шақыру науқанының қорытындылары шығарылып, күзгі науқанды ұйымдастыру міндеттері айқындалды. 2026 жылғы көктемгі шақыру бойынша белгіленген жоспар 17 адамға артығымен орындалды.
Кездесу қорытындысында анықталған кемшіліктер мен ұсыныстар ескеріліп, күзгі шақыру науқанын белгіленген талаптарға сәйкес сапалы өткізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Басқармада 2026 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысына қатысты бейнеконференция форматында кеңес өтті.
Кеңес барысында күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің «Әскерге шақыру пункттерін қалпына келтіру бойынша жол картасы» аясында тиісті шараларды уақтылы қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар беріліп, белгіленген жоспарлы көрсеткіштердің толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Тараз қаласындағы 99205 әскери бөлімінде аумақтық қорғаныс даярлығы аясында «Құлан-2026» әскери жиынының ашылу іс-шарасы өтті. Жиын Қазақстан Республикасының «Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2026 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысы Ерлан Байболат және Т. Рысқұлов ауданының аумақтық қорғаныс батальонының бөлімшелеріне тіркелген 78 әскери міндетті қатысты. Іс-шара барысында жиынның мақсат-міндеттері таныстырылып, алдағы оқу-жаттығу кезеңінің негізгі бағыттары түсіндірілді.
Жиын қорытындысы бойынша әскери міндеттілердің даярлық деңгейіне баға беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалады.