Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Л. Ілебаевпен
2025 жылғы 5 наурыздағы «2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі» бекітілген.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы (әрі қарай – Басқарма) басшысының міндетін атқарушы Е.Амирхановтың «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 28 сәуірдегі №19 н/қ санды бұйрығы негізінде, жұмысшы топ құрамы бекітіліп, Басқармада ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 15 мамыр мен 26 маусым айы аралығында жүргізілді. Ішкі талдаумен 2025 жылдың қаңтар - сәуір айлары аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, 2025 жылдың 1 шілде күні талдамалық анықтамасы жария талқылау үшін басқарманың интернет ресурстарына жарияланды. Бүгінгі күнге жария талқылау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ жария талқылаудың нәтижесімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмысшы топ құрамымен қорытынды жиын өткізіліп, 2025 жылдың 8 шілде күні талдамалық анықтамаға қол қойылып, талдамалық анықтама бекітіледі.
Басқарма басшысы Е.Байболатпен 2025 жылдың 26 мамыр күні «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» бекітілген.
Сонымен қатар, Басқармада «2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі» жұмыс жоспары бекітілген.
Аталған жұмыс жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары Басқарма басшысының басты назарына алынған, сондай-ақ аталған бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады.