КІРІСПЕ БӨЛІМ
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Амирхановтың «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 28 сәуірдегі №19 н/қ санды бұйрығы негізінде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 15 мамыр мен 26 маусым айы аралығында жүргізілді. Ішкі талдаумен 2025 жылдың қаңтар - сәуір айлары аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы
16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары төмендегі бекітілген жұмысшы топ құрамымен жүргізілді. Атап айтқанда, жұмысшы топ жетекшісі басқарма басшысының орынбасары Е.Амирханов, әскери міндет және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ж.Асанбаев, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Е.Алимкулов, басқарманың бас маманы А.Тулендиева, басқарманың бас маман-заңгері Ұ.Әлиева.
Сипаттама бөлігі:
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) қызметіне қатысты құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына», Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы
9 қазандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №687 бұйрығы, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттармен (ереже, қаулы, нұсқаулық, өкім) жұмыс жүргізеді.
Басқарманың мақсаттары :
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде облыс әкімі мен әкімдігінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;
2) жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс саласындағы
іс-шараларды іске асыру.
Басқарманың міндеттері:
1) Азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, көлемін анықтау, жаңарту және дайындықта ұстау бойынша қажетті шараларды қабылдау;
2) Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскердің аумақтық органдарын ұстау, қызмет көрсету және жөндеуді қоса алғанда, қызметтік бөлмелермен, көлік құралдарымен, техникалық ақпарат, телекоммуникация және байланыс құралдарымен, жиһаздармен және казармалық инвентармен, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді, электр энергиясын, жылу және байланыс қызметтерін төлеу бойынша шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістету, аумақтық қорғаныстың әскери міндетті бөлімшелерімен жиындар өткізу кезінде соғыс уақытындағы штаттық қажеттіліктердің нормасына сәйкес материалдық-техникалық құралдардың қорын құруды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру іс-шараларын қаржыландыру көлемдерін қарастырылуын қамтамасыз ету.
Басқарманың функциялары:
1) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуге қатысу;
3) азаматтарды әскери есепке алуды және әскери қызметке дайындауды, оларды әскери қызметке шақыруды, әскери жиындарды және жұмылдыру бойынша әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Талдау барысында Басқарма мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттары зерделенді.
Осы нормативтік актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Персоналды басқарумен анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Басқармада штаттық құрылым әзірленіп, бекітілді. Белгіленген сан лимиттерінің сақталуын бақылау қамтамасыз етілді.
Басқарма құрылымы:
1) Басқарма басшысы – 1 бірлік;
2) Басшының орынбасары – 1 бірлік;
3) Бас маман-есепші (бухгалтер) – 1 бірлік;
4) Бас маман – заңгер – 1 бірлік;
5) Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі – 6 бірлік
(1- бөлім басшысы, 5 – маман);
6) Әскери міндет және азаматтық қорғаныс бөлімі – 5 бірлік (1- бөлім басшысы, 4 – маман);
7) Келісімшарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер – 3 бірлікті құрайды.
Басқарма кадрларының кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалына, Қазақстан Республикасының әскери ғылым академиясына оқуға жіберіледі.
Басқармада корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту, мемлекеттік органда еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
Кадрлық іс-жүргізу «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.
Бос лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдерді «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпарттық жүйелері Жамбыл облысы әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі бірыңғай қызметі жүзеге асырады.
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны
0 (бірлік).
Мемлекеттік сатып алу (тауарлар мен көрсетілген қызметтерді жеткізушілер) бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезінде үлестес болу фактілері анықталған жоқ .
Басқарма қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу кезінде жақын туыстарының бірлескен жұмыс фактілері анықталған жоқ.
Басқармада мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілмейді.
Басқарма рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
Басқарма бақылау-тексеру функцияларын іске асырмайды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қаржы-шарушылық қызметте анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілді, ол электронды мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланды. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен бюджеттік бағдарламалар негізінде әзірленеді және бекітіледі.
Барлық мемлекеттік сатып алулар Басқарма бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Барлық шарттар заңнамада белгіленген мерзімде жасалды, шарттардың орындалуы мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес қатаң бақыланады.
Шарттық міндеттемелерді жеткізушілер тарапынан бұзушылықтардың
1 фактісі анықталды. Бұзушылық себебі, тауар техникалық шарттарға сәйкес келмеген. Осы себептен іс бойынша Басқарма тарапынан, Жамбыл облысы бойынша ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына арыз жолданып, қазіргі таңда сот қаралуында.
Басқармада ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің түсуіне мониторинг жүргізіледі.
Анықтау мәнінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіліп, басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс ақпараттар анықталған жоқ.
Қорытынды:
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдар:
1) Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін Басқарманың қызметтік процедураларын жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді азайту;
2) Басқарма қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық білім беру бойынша семинар, түсіндірме іс-шараларын ұйымдастыру.
Жұмыс тобының мүшелері
1) Басқарма басшысының орынбасары (жұмысшы топ жетекшісі) Е.А.Амирханов _________________
2) Әскери міндет және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ж.Е.Асанбаев _________________
3) Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Е.Б. Алимкулов _________________
4) Басқарманың бас маманы А.С.Тулендиева _________________
5) Басқарманың бас маман заңгері Ұ.А.Әлиева _________________