Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

  1. Жалпы ережелері
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасы Заңының
    10-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасы) іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының 35-тармағын орындау үшін әзірленді.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты - басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, адалдықты және ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;

3) жариялылық пен айқындық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Аталған стандарт мынадай бағыттардан тұрады:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру;

2) мүдделер қақтығысын болдырмау;

3) қаржылық бақылау шаралары;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептілігі мен ашықтығы;

6) персоналды басқару үдерістерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

7) мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру және сыбайлас жемқорлық картограммасын қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру (бұдан әрі – картаға түсіру) –сыбайлас жемқорлыққа қарсы кез келген бағдарламаның маңызды элементі, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептерін көрнекі түрде көрсетіп, олардың алдын алу және жою шараларын айқындауға, сондай-ақ бірінші басшының назар аударуын қажет ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Картаға түсіру нәтижесі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығу деңгейін графикалық түрде бейнелейтін тәуекелдер картасы, ол Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау әдістемелік ұсынымдарының
(бұдан әрі – Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау әдістемесі) 43-тармағына және осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

  1. Картаға түсіру алгоритмі

Картаға түсірудің мынадай алгоритмін ұстану ұсынылады:

1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бұл ұйымның ішкі процестерді, функцияларды, ұйымдастырушылық құрылымды, ұйым қызметін реттейтін заңнаманы, субъектілерді тексеруі нәтижелерін, бұрын ұйымда тіркелген сыбайлас жемқорлық немесе мүдделер қақтығысы фактілерін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ақпарат көздері негізінде жүйелі талдауды (жылына кемінде 1 рет) көздейді.

Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасы, ұйымдық-штаттық құрылым және (немесе) субъектілердің штат саны өзгерген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жатқызылған функцияларды іске асыратын қызметкерлердің лауазымдық міндеттері өзгерген кезде немесе субъектінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін өзге де өзгерістер орын алған жағдайда тәуекелдер карталарын тұрақты түрде жаңартып отыру ұсынылады. Егер кәсіпкерлік субъектілерінде тәуекелдерді анықтаудың өз жүйесі болмаса, олар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау әдістемесінде көрсетілген тәсілдерге ұқсас тәсілді қолдана отырып талдауды қарастыра алады.

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жіктеу

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғаннан кейін олардың ауқымын, яғни іске асу ықтималдығы мен жиілігін ескере отырып айқындау қажет. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау әдістемесінің 43-тармағында көзделген критерийлер негізінде саралау  ұсынылады.

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және барынша азайту

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жоспары тәуекелдер картасының негізінде нақты шаралар, мерзімдер, орындаушы және іс-шараның аяқталу формасы көрсетіле отырып әзірленеді. Бұл жоспарды бірінші басшы бекітіп, бақылайды.

4) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жоспары жария түрде болуыға тиіс және ол басқарма сайты мен әлеуметтік желілерінде қолжетімді болуға тиіс.

Бұл ретте, қорғалуға жататаын құпия ақпаратты, дербес деректердің жария болу қаупі бар болса, жоспардың бір бөлігі ғана жарияланады.

Бұл тұрғыда, мүдделі тараптарды ақпараттандыру және жариялылықты қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және өзге де құпиялар, ақпаратқа қол жеткізу, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Картаға түсіру сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының 35-тармағы 2) тармақшасын орындау шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері жүргізетін сыбайлас жемқорлық картограммаларын қалыптастыру үшін қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық картограммаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері олардың саралануымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі қамтылады, сондай-ақ ұйымдағы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары туралы ақпаратты толықтыратын БАҚ-тағы жарияланымдар, шағымдар, өтініштер сынды басқа да деректерді талдау нәтижелері болуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлық картограммасы мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор субъектісінің сайтында орналастырылады.

 

  1. Мүдделер қақтығысын болдырмау

Мүдделер қақтығысын болдырмау қажеттілігі мүдделер қақтығысы негізсіз шешімдер қабылдауға, мемлекеттік басқару процесіне жеке мүдделерді тартуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға әкеп соғуы мүмкін. Соған байланысты, мүдделер қақтығысының алдын алу парасаттылықты арттыруда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда басты рөл атқарады.

Мүдделер қақтығысының болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, оларға теңестірілген адамдар мен лауазымды тұлғаларға бірқатар талаптар көзделген.

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға;

2) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға;

4) өзіне қызметтік өкілеттіктерін іске асыруы (немесе іске асырмауы) үшін артықшылықтар ұсынған адамдардың пайдасына жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шет елдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иеленуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шет елдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға;

6) өкілді органның депутаты болуға;

7) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;

8) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

9) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

10) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;

11) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге және санкцияланбаған митингілерге қатысуға;

12) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға;

13)  «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға;

14) мүдделер қақтығысын туындататын шешімдерді әзірлеуге, талқылауға немесе қабылдауға қатысуға не қандай да бір тәсілмен қабылданатын шешімдерге ықпал етуге;

15) мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда лауазымдық міндеттерін атқаруға;

16) қызметтік өкілеттіктерін жеке мүддеде пайдалануға;

17) бұрын атқарған лауазымының артықшылықтарын жеке мүддесінде пайдалануға тыйым салынады.

Бұдан бөлек, аталған адамдар мемлекеттік қызмет өткеру кезеңінде мемлекеттік лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өз меншігіндегі жарғылық капиталдағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және табыс әкелетін басқа да мүлікті (заңды түрде тиесілі ақшадан және жалға берілген мүліктен басқа) сенімгерлік басқаруға беруі қажет.

Жоғарыда көрсетілген ұсынымдар Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 19-НП нормативтік қаулысына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 154-бабына сәйкестігі тұрғысынан ескеріле отырып қолданылады.

  1. Мүдделер қақтығысын анықтау:

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты жұмыскерлер немесе бөлімшелер тоқсанына 1 рет ашық деректерді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен  тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздерін талдай отырып, мүдделер қақтығысын талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты жұмыскерлер немесе бөлімшелер ұйым жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және ЖСН деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде оларды персоналды басқару (кадрлық) ақпараттық жүйесіне (бар болған жағдайда) шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету ұсынылады. Жұмыскердің жеке деректеріне қолжетімділік мемлекеттік құпиялар және өзге де құпия, ақпаратқа қол жеткізу, дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын сақтай отырып беріледі.

Мемлекеттік органдарда персоналды басқару ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті осыған жауапты адам, бірінші басшының және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті лауазымды адамның келісімі болған жағдайда, қызметтік жазба түрінде және барлық шектеулерді ескере отырып береді.

  1. Мүдделер қақтығысы мынадай жағдайларда:

1) сыртқы және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде;

2) мүдделер қақтығысы туралы адамдардың өтініштерін немесе басқа да ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе ұйымдардың ішкі актілерін қарау кезінде;

3) уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексерулер, ревизиялар немесе аудиттер өткізу кезінде;

4) сотқа дейінгі тергеу, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері жөнінде іс жүргізу нәтижелері бойынша анықталуы мүмкін.

  1. Мүдделер қақтығысын анықтауды мынадай тәсілмен ұйымдастыруға болады:

1)  мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін барлық лауазымдарға талдау жүргізу және ресурстарды бөлумен, қаржыны басқарумен, сатып алумен, бағалаумен және бақылаумен байланысты процестерге ең көп әсер ететін бөлімшелер мен лауазымдарды анықтау;

2) қызметкерлердің акцияларға және компаниялардың жарғылық капиталына үлестерге иелік ету сияқты жеке мүдделерін қоса алғанда деректерді, контрагенттерде туыстар болуы, лауазымдық міндеттемелермен байланысты болуы мүмкін қосымша табыс көздері туралы деректер жинау және талдау өткізу;

3) қызметкерлердің іс-әрекеттері мен шешімдерін артықшылықтар немесе біржақтылық белгілерінің бар-жоғына талдау;

4) анықталған мүдделер қақтығыстарын құжаттау, яғни мүдделер қақтығысының мәнін, оның ықтимал зардаптарын сипаттау. Мүдделер қақтығысына қатысты барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді құжаттау ашықтықты арттыруға және кейіннен талдау жүргізуге мүмкіндік береді;

5) мүдделер қақтығысын жою.

 

  1. Мүдделер қақтығысының алдын алу шаралары

1) Қызметкерлер мүдделер қақтығысының туындағаны немесе туындауы мүмкін екені белгілі болған сәттен бастап, тікелей басшысын не олар жұмыс істейтін ұйымның басшылығын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты адамды немесе бөлімшені жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Егер тікелей басшы болмаса, келесі жоғары тұрған тұлғаны хабардар ету керек. Қажет болған кезде, мүдделер қақтығысы фактілері туралы бірінші басшының қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады.

2) Басшыға мүдделер қақтығысы туралы хабарлама немесе ақпарат түскен жағдайда, ол 3 жұмыс күні ішінде бұл хабарды әдеп жөніндегі уәкілге немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке, ал олар жоқ болған жағдайда персоналды басқару қызметіне қарауға жіберу ұсынылады.

3) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты адам немесе бөлімше келіп түскен хабарламалар немесе мүдделер қақтығысы жөніндегі басқа да ақпаратты қарап, 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның немесе ұйымның басшылығына мүдделер қақтығысының бар-жоғын анықтап, оны болдырмау және реттеу бойынша ұсынымдар немесе мұндай қақтығыстың жоқ екендігі туралы қорытынды береді.

4) Мүдделер қақтығысы болған кезде, мемлекеттік орган немесе ұйым басшылығы 10 жұмыс күні ішінде мүдделер қақтығысын алдын алу және оны реттеу бойынша мынадай шаралар қабылдауға міндетті:

- мүдделер қақтығысына байланысты мәселе бойынша лауазымдық міндеттемелерді атқаруды басқа адамға тапсыру;

- лауазымдық міндеттерді өзгерту;

- мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдау.

5) Мемлекеттік органның бірінші басшысына оның өзіне қатысты мүдделер қақтығысы туындаған мәселе бойынша шешімді объективті түрде қабылдау үшін, өз орынбасарына немесе уәкілетті өкілеттіктерін адамға беру ұсынылады.

6) Мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу мүмкін болмаған жағдайда, мүдделер қақтығысы орын алған немесе орын алуы мүмкін адам оны анықтаған сәттен бастап 3 айдан кешіктірмей, мүдделер қақтығысына жол бермейтін тең дәрежелі лауазымға тағайындалады.

  1. Қаржылық бақылау шаралары

Активтер мен мүлік туралы декларациялар – жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі. Декларациялау жүйесінің болуы адалдық және есеп берушілік мәдениетін дамытуға, мемлекеттік секторға деген сенімді нығайтуға және әдепті мінез-құлықты ынталандыруға ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметке түскенде және мемлекеттік қызмет өткеру кезінде декларацияларды тапсырмау не уақтылы тапсырмау – әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.

  1. Декларациялар тапсыру туралы хабарламаларды жинау тәртібі

1) Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) жұмыскерлері функционалдық міндеттеріне сәйкес мыналарды жүзеге асырады:

-  кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тапсыру туралы хабарламаларды жинау бойынша іс-шараларды өткізеді;

- жұмыскерлерге және олардың жұбайына (жұбайларына) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде декларацияларды тапсыру қажеттілігі, сондай-ақ мәліметтерді тапсырмау немесе декларациялардағы дәйексіз мәліметтер үшін жауапкершілік туралы жазбаша хабардар етеді;

- декларация тапсыруға міндетті адамдарды айқындаумен, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге тұрақты мониторингі жүзеге асырылады;

  1. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны:

1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;

3) лауазымды адамдар және олардың жұбайлары;

  1. Кірістер мен мүлік туралы декларация

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-форма) тапсырған жылдан кейінгі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00- форма) тапсырылады, онда мыналар туралы ақпарат көрсетіледі:

1) жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жататын кірістері (жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметінен түсетін декларациялауға жататын кірістерінен басқа);

2) салық шегерімдері;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүлікті, оның ішінде ақылы немесе қайтарымсыз негізде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс шет елдік банктердегі банк шоттарындағы ақша (есептік салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша), егер ол барлық шоттар бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және есептік салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған 1000 еселенген АЕК-тен асып кетсе;

5) есептік салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлік;

6) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке) жататын, сондай-ақ шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құқығы және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің уәкілетті органында тіркеуге (есепке) жататын мүлік;

7) эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;

8) инвестициялық алтын;

9) Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлес;

10) өзге адамдардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның өзге адамдар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек), егер заңды немесе өзге де міндеттемеге негіз болатын, нотариалды куәландырылған (расталған) шарт болса, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешектен басқа.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың маңыздылығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тек құқық қорғау және заңнамалық шараларды қолдану жеткіліксіз. Сыбайлас жемқорлықты тиімді жою үшін тиісті мәдениетті дамыту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл тек саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу мен енгізуді ғана емес, сондай-ақ айқындық, адалдық және есеп берушілік сияқты құндылықтарды белсенді насихаттауды білдіреді. Аталған құндылықтар корпоративтік мәдениеттің және күнделікті тәжірибенің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады:

1) Білім беру шаралары – жұмыскерлердің жемқорлық құқық бұзушылықтарды, мүдделер қақтығысын болдырмау жолдары және басқа мәселелер бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған тұрақты семинарлар мен тренингтерді қамтуы мүмкін;

2) ақпараттық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша нақты нұсқаулықтар мен нұсқаулар әзірлеу және оларды жұмыскерлер арасында тарату, сондай-ақ , бейнероликтер, таныстырылымдар және буклеттер сияқты оқыту материалдарын дайындауды қамтиды. Осы мақсатта корпоративтік таратулар, ішкі порталдар және ақпараттық стендтер пайдаланылуы мүмкін;

3) ұйымдастырушылық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, жемқорлықтың алдын алуға жауапты жұмыскерлерді тағайындау, жемқорлық фактілері туралы хабарлау арналарының құрылуы, сатып алу, лауазымдарға тағайындау және жұмыскерлердің тиімділігін және басқа да тәуекелді салаларды бағалау рәсімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды интеграциялауды қамтуы мүмкін.

 

  1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есеп берушілігі және ашықтығы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың азаматтық қоғаммен тиімді өзара іс-қимылы олардың қызметінің есеп берушілігі мен айқындығын қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Ақпаратқа қолжетімділік, ашық диалог және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы мемлекеттік сектордың айқындығын арттырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.

Ақпаратқа қолжетімділік және ашық деректер саясаты мәселелері
БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мен Ашық деректердің халықаралық хартиясында реттелген. Осы саладағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелген.

Осы нормативтік актілер азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметі туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға құқықтарын және осы ақпаратты мемлекеттік органдардың уақтылы әрі ашық ұсыну бойынша міндеттерін белгілейді.

Қоғамды ақпараттандыру және кері байланыс алу үшін, уақтылы жаңартылып отыратын веб-сайттар мен әлеуметтік медиа арналары белсенді пайдаланылады.

Түсіндіру жұмыстары шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға «Азаматтар мен кәсіпкерлерді олардың құқықтары туралы нүктелі ақпараттандыруды қамтамасыз ету арқылы құқықтық насихатты жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №806 бұйрығының ережелерін басшылыққа алу ұсынылады.

Ашық деректер саясатының тиімділігі Ашық деректердің халықаралық хартиясының мынадай қағидаттарын сақтауға байланысты болады:

1) әдепкі бойынша ашық – егер үкімет керісінше дәлелдемесе жалпыға қолжетімді барлық деректер ашық болып табылады;

2) уақтылы және толық – деректерді жылдам және толық жариялау;

3) қолжетімді және пайдалануға жарамды – деректер машина оқи алатын форматта, олар оңай табылады, тегін және ашық лицензиямен қолжетімді.

 

  1. Персоналды басқару процестерінде сыбайлас

жемқорлықтың алдын алу

 

  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау кезінде меритократия қағидатын басшылыққа алу.
  2. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау.
  3. Қызметке қабылдау кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйым салулар мен шектеулерді түсіндіру.
  4. Мемлекеттік қызметшілердің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу.
  5. Мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты адамдарынан жеке сипаттағы қандай да бір қызмет көрсетуді талап етпеуге және оларға жүгінбеуге.

 

 

  1. Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының арақатынасын қамтамасыз ету арқылы;

2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жабдықтаушыларға мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

3) әлеуетті жабдықтаушылар арасындағы адал бәсекелестік;

4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;

5) отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық жабдықтаушыларын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін дәрежеде қолдау;

6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және мүдделер қақтығысына жол бермеу;

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Дата публикации
30 мая 2025