
Мақсаты:
облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс шараларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Қызметі:
1) Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», «Қарулы күштер және Қорғаныс туралы», «Әскери жағдай туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Азаматтық қорғаныс» зандарың, әскери қызметке қатысты басқа да басшылыққа алынатын құжаттарды жүзеге асыру;
2) жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс шараларын жоспарлау және ұйымдастыру, оларды облыстық құрылымдық бөлімшелердің орындауын қадағалау;
3) командалық-штабтық, әскери-экономикалық жұмылдыру және аумақтық қорғаныс оқу-жаттығуларын әзірлеу және өткізу;
4) облыстың жұмылдыру қызметкерлерін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша біліктілігін жетілдіру курстарында оқуын ұйымдастыру;
5) жұмылдыру жарияланғанда, әскери жағдай енгізілгенде және соғыс уақытында облыстың жергілікті атқарушы органдарының министрліктердің аумақтық органдарымен өзара байланысын ұйымдастыру;
6) жеке және заңды тұлғалардын жолданымдарын қарау.
Міндеттері:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде әскери бөлімдермен өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді, әдістемелік құралдарды, басқа да құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетеді;
3) жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, жұмылдыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
4) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді;
5) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының қорғаныс мүддесінде аумақты жедел жабдықтау іс-шараларын орындау және қорғаныс мақсатында коммуникацияларды дайындауға қатысады;
7) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
8) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсетеді, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуге қатысады;
9) облыстың жұмылдыру бөлімшелері мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерін уақтылы хабардар етуді және тиісті дайындық дәрежесіне келтіруді жүзеге асырады;
10) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастырады;
11) жұмылдыру резервтерінің материалдық құралдарын жинақтау, сақтау және оларды ерекше кезеңде пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
12) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
13) аумақтық қорғаныс бригадасының материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және құралдардың есебін, болуын, жай-күйін, пайдалануын бақылайды;
14) Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі, басқарма басшысы белгілейтін өзге де міндеттерді жүзеге асырады.