
Мақсаты:
облыс аумағында әскери міндет және аумақтық қорғаныс шараларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Қызметі:
1) Қазақстан Республикасының «Қарулы күштер және Қорғаныс туралы», «Әскери жағдай туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Азаматтық қорғаныс» зандарың, әскери қызметке қатысты басқа да басшылыққа алынатын құжаттарды жүзеге асырады;
2) әскери міндет және аумақтық қорғаныс шараларын жоспарлау және ұйымдастыру, оларды облыстық құрылымдық бөлімшелердің орындауын қадағалайды;
3) командалық-штабтық, әскери-экономикалық әскери және азаматтық қорғаныс оқу-жаттығуларын әзірлеу және өткізеді;
4) жеке және заңды тұлғалардын жолданымдарын қарайды;
Міндеттері:
1) әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде әскери бөлімдермен өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді, әдістемелік құралдарды, басқа да құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетеді;
2) әскери қызметке шақыру және әскери бөлімдермен жұмыс жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) облыста әскери қызметке шақыру, әскери бөлімдермен жұмыс жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) азаматтық қорғаныс жоспарларын дайындауға көмек көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде азаматтық қорғаныс бойынша шараларға қатысады;
5) облыста жасақталатын азаматтық қорғаныс құрылымдарының және материалдық-техникалық құралдар, азық-түлік, жанар-жағармай материалдары, дәрі-дәрмек және олардың тіршіліктерін қамтамасыз етуші басқа да құралдардың қорларын қаржылай және материалдық-техникалық ұйымдастыруды бақылайды;
6) өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастырады;
7) азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастырады;
8) Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі, басқарма басшысы белгілейтін өзге де міндеттерді жүзеге асырады;
9) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосалқы және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
10) азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстау бойынша көлемдерді көздейді және қажетті шаралар қабылдайды;
11) бөлімнің кіріс және шығыс құжаттарын есепке алуды және тіркеуді жүргізеді, олардың орындалуын бақылауды және бақылаудан алуды жүзеге асырады.