GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді.

Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.

27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

21 октября 2026
«Бабалар салған ізбенен» жобасы аясында «Мамандық – өмір таңдауы» атты тағылымды кездесу өтті

Шара Жаңатоған ауылдық округіне қарасты Мыңқазан ауылындағы №30 Байсейіт Жылкелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылды. Кездесуге ел ағасы Жүнісбеков Мұстай атамыз арнайы қатысып, мектеп оқушыларымен тағылымды сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, өмірлік мақсат пен еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтар жөнінде құнды ойлар айтылды.
 Жастарға бағыт-бағдар беріп, өмірлік тәжірибесімен бөліскен Мұстай атаның әңгімесі оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

21 октября 2026
«Онлайн-бәс пен ойын тәуелділігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді

Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтоған, Жамбыл, Меркі, Аспара, Ақермен, Кеңес, Сарымолдаев және Ойтал ауылдық округтерінде «Онлайн-бәс пен ойын тәуелділігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.

Кездесулердің негізгі мақсаты – жастар арасында онлайн-бәс тігу мен құмар ойындардың алдын алу, олардың зиянды салдары туралы түсінік қалыптастыру, ойынға тәуелділіктің алдын алу жолдарын түсіндіру және жастардың жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға онлайн-бәс тігу мен құмар ойындардың адамның психологиялық жағдайына, қаржылық тұрақтылығына және әлеуметтік өміріне тигізетін кері әсерлері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ ойынға тәуелділіктің алғашқы белгілері, оның адамның мінез-құлқына әсері, уақыт пен қаражатты бақылаудан айырылу секілді мәселелер қозғалды. Мамандар тәуелділіктің алдын алу үшін саналы шешім қабылдаудың, өз әрекетіне жауапкершілікпен қараудың және қиын жағдайларда дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесулердің спикері – Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, психолог Тілеухан Бақдаулет Мамырханұлы. Ол жастарға құмар ойындардың қызығушылықтан басталып, уақыт өте келе тәуелділікке ұласуы мүмкін екенін түсіндіріп, мұндай әрекеттердің жеке өмірге, отбасылық қарым-қатынасқа, оқу үлгеріміне және болашақ жоспарларға кері әсер ететінін атап өтті.

Сонымен қатар оқушылармен еркін форматта пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында ой бөлісті. Әңгімелесу барысында бос уақытты тиімді ұйымдастыру, пайдалы әдеттерді қалыптастыру, қаржылық сауаттылық пен жауапкершілікті арттыру, эмоцияны басқару және тәуекелді әрекеттерден аулақ болу мәселелері талқыланды.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары жастардың зиянды әдеттерге қарсы тұру қабілетін қалыптастырып, саналы таңдау жасауына ықпал етеді. Әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарап, уақытын білім алуға, спортқа, шығармашылыққа және өзін-өзі дамытуға бағыттауы маңызды.

Құмар ойынға емес, өз мақсатыңа ұмтыл!

21 октября 2026
«Таза ой, таза жүрек» атты жастар арасында пікірсайыс ойыны өткізілді

Жастардың ой-өрісін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру, өз ойын еркін әрі сауатты жеткізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында И. Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Таза ой, таза жүрек» атты жастар арасында пікірсайыс ойыны өткізілді.

💬 Шара барысында қатысушылар өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғады. Пікірсайыс барысында жастардың шешендік өнері, тапқырлығы, логикалық ойлау қабілеті мен командада жұмыс жасау дағдылары сыналды.

Пікірсайыс — жастардың өз ойын ашық білдіріп, өзгелердің пікірін құрметтеуге, мәселені жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

✨ Таза ой — парасаттың бастауы, таза жүрек — ізгіліктің негізі!

21 октября 2026
Қарттар күніне орай қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды

Қарттар күніне орай қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде қайырымдылық акциялары өткізілді.

Ізгілік пен мейірімділікті дәріптеуді мақсат еткен шара аясында ауылдық округтерде тұратын ардақты қариялардың үйіне арнайы барып, олардың хал-жағдайы сұралды. Сонымен қатар ақ жаулықты әжелерімізге ақ жаулық сыйға тартылып, мерекемен құттықтау және құрмет көрсету рәсімдері ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеу, жастар арасында үлкенді сыйлау, қамқорлық таныту және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Қариялар – ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, елдің береке-бірлігі мен рухани байлығының тірегі. Оларға құрмет көрсету, көңіл бөліп, қамқорлық таныту – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі шаралар арқылы ұрпақтар сабақтастығы нығайып, қоғамда мейірімділік пен өзара сыйластық құндылықтары кеңінен насихатталады.

Меркі аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ алдағы уақытта да жастарды ізгі істерге жұмылдырып, қайырымдылық пен қамқорлық бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.

Баспасөз БАҚ
Электрондық БАҚ
17 октября 2026
ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ

Меркі ауданындағы №9 Меркі колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Меркі аудандық полиция бөлімінің ҚҚБ ЮПТ инспекторы Е.Түпеков, Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Жұманазаров, колледж қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, буллинг, бопсалау, ұсақ бұзақылық және интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Мамандар жастарға өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң талаптарын сақтау және кез келген құқық бұзушылыққа бейжай қарамау қажеттігін атап өтті.

14 октября 2026
Ағымдағы жылдың 16 қазанда Жамбыл облысының әкімі Е.Ш.Қарашөкеев Меркі ауданының тұрғандарымен кездесу өткізіп, жеке қабылдау жүргізеді. Өтетін орны аудандық мәдениет үйі сағат 10:00-де.
Баспасөз БАҚ
Электрондық БАҚ
08 октября 2026
АУДАН ӘКІМІ КЕҢЕС ЖӘНЕ АНДАС БАТЫР ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов халықпен тұрақты кездесулері аясында Кеңес және Андас батыр ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, негізгі салаларда атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сонымен қатар әр ауылдық округте жүзеге асырылған нақты жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдады.

Кеңес ауылдық округінде биыл бірқатар инфрақұрылымдық жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, №2035 әскери бөлімінің «Кеңес» шекара заставасындағы қазандық құрылысын газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Кеңес ауылында жарықтандыру желілері ауыстырылып, ауылдық саябақты абаттандыру жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, елді мекендегі дренаж жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Андас батыр ауылдық округінде де тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Округ аумағында Қарпық батыр және Мельниченко көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Қарпық батыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Арал-Қыстақ ауылында балалар ойын алаңшасы орнатылса, Қызыл-Қыстақ ауылында кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Қызыл-Қыстақ ауылында дренаж тазалау жұмыстары атқарылды. Андас батыр ауылындағы С.Бірбаев көшесін жарықтандыру жұмыстары аяқталып, алдағы уақытта жарық желісі іске қосылатын болады.

Кездесулерде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ауылдарды дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімі әрбір сұраққа жауап беріп, көтерілген мәселелерді тұрғындармен бірге талқылады.

Жиын қорытындысында жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуы бақылауға алынды.

Баспасөз БАҚ
Электрондық БАҚ
08 октября 2026
АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың халықпен тұрақты кездесулері жалғасуда. 7 қазан күні аудан басшысы Сұрат және Жаңатоған ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Сұрат ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен негізгі салаларда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ округ аумағында жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталды.

Атап айтқанда, Аққайнар және Тескентоған ауылдарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Сұрат ауылында балалар ойын алаңы орнатылды.

Одан кейін аудан әкімі Жаңатоған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округте атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сөз болды. Қостоған ауылындағы Тойлыбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып, Құлбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы жарықтандырылды. Мыңқазан ауылындағы Жамансартов және Ынтымақ көшелеріне түнгі жарықтандыру жүйесі орнатылды. Сонымен қатар ауылдағы кіші футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Кездесулер барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелерді тұрғындармен бірге талқылады.

Жиын қорытындысында жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді зерделеп, олардың шешілуін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Орындалуы бақылауға алынды.

 

Баспасөз БАҚ
Электрондық БАҚ
06 октября 2026
АУДАН ӘКІМІ САРЫМОЛДАЕВ ЖӘНЕ АҚАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов халықпен тұрақты кездесулерін жалғастырып, Сарымолдаев және Ақарал ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Аудан әкімі көтерілген мәселелердің шешу жолдарын тұрғындармен бірге талқылап, жауапты мекеме және бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Олардың орындалуы бақылауға алынды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы