Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясынында «Әділ сайлау үшін» заңгерлер штабының мүшелерімен кездесу өтті

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясынында «Әділ сайлау үшін» заңгерлер штабының мүшелерімен кездесу өтті

 

         Қазақстанда 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында Заң консультанттар Палатасы Республикалық алқасының тапсырмасына сәйкес Палата мүшелерінен "Әділ сайлау үшін" заңгерлер штабы құрылған. Штабтың басты мақсаттарының бірі «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, консультативтік көмек көрсетуге, сайлау процесін сүйемелдеуге және ақпараттық-құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ, аталған штабтың  филиалдары еліміздің барлық облыс орталықтарында құрылып, өз жұмыстарып бастап кеткен.

         Осыған байланысты, а.ж. 20 қазан күні Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Палата төрағасы Исабеков Шамсат Жақсылықұлы Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасында 200 ден аса заң консультанттары тіркелгендігін, заңгерлері тек Тараз қаласы бойынша ғана емес, Жамбыл облысының 10 ауданында  50-ге  жуық заң консультанттары қызмет ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасының мүшелері сайлау науқаны кезінде өңірдегі сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ  сайлаушыларға ҚР заң талаптарын түсіндірумен қатар  оларды толғандыратын сұрақтарына жауап алуларына зор мүмкіндік беріліп отырғанын айтып өтті.

Кездесу соңында  сайлау процесі кезінде туындауы мүмкін ықтимал мәселелер талқыланып, алдағы уақытқа екі жақты бірлескен жұмыс жоспары белгіленді.

 

Дата публикации
22 октября 2022
Дата обновления
22 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы