Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкіміне кандидаттарды
тіркеу қорытындылары туралы ақпарат
Меркі аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындалған Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты а.ж. 13 қыркүйегі күні аудандық және №284, 285, 286, 479 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен комиссия отырысын өткізді. Комиссия отырысына Ойтал ауылдық округі әкіміне кандидаттар және олардың тіркелген сенім білдірген өкілдері шақырылды. Күн тәртібінде Ойтал ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары және сайлау алдындағы үгіт мәселелері қаралды.
Кездесуде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тіркелген кандидаттарға куәліктер берілді. Кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне сайлау процесі кезіндегі құқықтары мен міндеттері жайлы, сонымен қатар, сайлау процесі кезінде анықталған заң бұзушылықтар туындаған жағдайда тиісті деңгейдегі мемлекеттік органдарға (сот, прокуратура) шағымдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық сайлау комиссиясы а.ж. 13 қыркүйектегі жағдай бойынша 5 кандидатты тіркеді. Тіркелген 5 кандадаттың 4-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, 1-і «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.
Ойтал ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттар туралы ақпарат: