Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпаздарын анықтау туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімі
№2
Меркі ауылы 2022 жыл 11тамыз сағат 16:00
Конкурс өтетін орын: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмайылов
көшесі №169, аудан әкімдігінің кіші залы, 1-қабат.
Күн тәртібінде:Конкурс жеңімпаздарын анықтау туралы
Конкурстық комиссия мүшелері құжаттарды зерделей келе конкурстың жеңімпаздарынҚазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығын негізге ала отырып, барлық өтінімдерді олардың сәйкестігін, толықтығын, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеріп, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстырды.
Конкурстық ұсыныстарды және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынған жоқ.
Сонымен қатар, осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық берілді.
Егерде екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 8-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайтындығы назарға алынып құжаттар зерделенді.
Жер комиссиясы төмендегідей шешім қабылдады:
1-лот. Ақарал ауылдық округі аумағында орналасқан 2,3 га егістік жер учаскесі бойынша:
Джумагулов Нурмат Асуовичжеңімпаз болып танылды;
2-лот. Ақарал ауылдық округі аумағында орналасқан 3 га егістік жер учаскесі бойынша:
Джумагулов Нурмат Асуовичжеңімпаз болып танылды;
12-лот. Кеңес ауылдық округі аумағында орналасқан 5 га жайылым жер учаскесі бойынша:
Абдуллаев Исмаил Исакович жеңімпаз болып танылды;
13-лот. Кеңес ауылдық округі аумағында орналасқан 5 га жайылым жер учаскесі бойынша:
Умирбаев Акыл Турсынович жеңімпаз болып танылды;
14-лот. Кеңес ауылдық округі аумағында орналасқан 46 га егістік жер учаскесі бойынша:
Кантарбаева Бейсекуль Алимбековна жеңімпаз болып танылды;
15-лот. Кеңес ауылдық округі аумағында орналасқан 46 га егістік жер учаскесі бойынша:
Асқаров Нұрдәулет Асқарұлы жеңімпаз болып танылды;
16-лот. Кеңес ауылдық округі аумағында орналасқан 46 га егістік жер учаскесі бойынша:
Елубай Нурлан Берікұлы жеңімпаз болып танылды;
17-лот. Кеңес ауылдық округі аумағында орналасқан 46 га егістік жер учаскесі бойынша:
Майнауысов Болат Такенович жеңімпаз болып танылды;
18-лот. Ойтал ауылдық округі аумағында орналасқан 10 га егістік жер учаскесі бойынша:
Жайкеев Тургумбай жеңімпаз болып танылды;
19-лот. Ойтал ауылдық округі аумағында орналасқан 10 га егістік жер учаскесі бойынша:
Шаргынов Куат Кудайбергеновичжеңімпаз болып танылды;
20-лот. Ойтал ауылдық округі аумағында орналасқан 10 га егістік жер учаскесі бойынша:
Рустемкалиев Тажы Еренсизович жеңімпаз болып танылды;
21-лот. Ойтал ауылдық округі аумағында орналасқан 10 га егістік жер учаскесі бойынша:
Тилешова Гулимхан Коханбековна жеңімпаз болып танылды;
22-лот. Ойтал ауылдық округі аумағында орналасқан 10 га егістік жер учаскесі бойынша:
Токпанбетов Мурат Кабылжанович жеңімпаз болып танылды;
23-лот. Аспара ауылдық округі аумағында орналасқан 5 га жайылым жер учаскесі бойынша:
Кебисбаев Кошкарбай Калмагамбетович жеңімпаз болып танылды;
24-лот. Аспара ауылдық округі аумағында орналасқан 5 га жайылым жер учаскесі бойынша:
Кебисбаев Кошкарбай Калмагамбетовичжеңімпаз болып танылды;
28-лот. Сарымолдаев ауылдық округі аумағында орналасқан 8 га егістік жер учаскесі бойынша:
Отегенов Жасулан Нурболович жеңімпаз болып танылды;
29-лот. Сарымолдаев ауылдық округі аумағында орналасқан 8 га егістік жер учаскесі бойынша:
Раймбеков Нурбол Утегенович жеңімпаз болып танылды;
30-лот. Сарымолдаев ауылдық округі аумағында орналасқан 8 га егістік жер учаскесі бойынша:
Байымбетов Апен Ешембекович жеңімпаз болып танылды;
31-лот. Сарымолдаев ауылдық округі аумағында орналасқан 10 га егістік жер учаскесі бойынша:
Айылшиев Мади Шабденович жеңімпаз болып танылды;
32-лот. Меркі ауылдық округі аумағында орналасқан 0,95 га жайылым жер учаскесі бойынша:
Рузиев Азиз Фаризович жеңімпаз болып танылды;
33-лот. Сұрат ауылдық округі аумағында орналасқан 3,02 га егістік жер учаскесі бойынша:
Солтанай Әсел Қанатқызы жеңімпаз болып танылды;
34-лот. Сұрат ауылдық округі аумағында орналасқан 3,1962 га егістік жер учаскесі бойынша:
Шайхиев Бектас Муратович жеңімпаз болып танылды;
35-лот. Рысқұлов ауылдық округі аумағында орналасқан 11,524 га егістік жер учаскесі бойынша:
Қазанғапов Қанат Сайлаубекович жеңімпаз болып танылды.