Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Плодовоягодное ауылы тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Плодовоягодное ауылы тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

хаттамасы

Плодовоягодное ауылы                                                                   18. 07. 2022ж.

Жиналыс төрағасы: Е.Байболсынов

Жиналыс хатшысы: М.Қуанышбайқызы

 

Жиналысқа қатысқандар:

ауылының тұрғындары - 621 адам,

қоғамдастық мүшелері -2 адам.

 

Күн тәртібінде

Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі Плодовоягодное ауылын  Жеміс-жидек ауылы деп қайта атау туралы

         Тыңдалды: Е.Байболсынов – Жамбыл ауылдық округінің әкімі: Плодовоягодное ауылында 496 түтін, 2193 адам бар (яғни 18 жасқа толған дауыс беру құқығына ие 623 азамат бар, оның ішінде - жергілікті қауымдастық мүшесі - 2). 09.06.2022 жылы Жамбыл ауылдық округі әкімдігіне түскен ауыл тұрғындарынан Плодовоягодное ауылын – Жеміс-Жидек ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс түскен болатын.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының                           14-1-бабы 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз негізінде ауылдың атауын өзгерту бойынша жұмысты бастап отырмыз. Осыған орай, осы мәселеге байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

         Сөйлегендер: Д.Суанбеков, К.Молдашев - ауыл тұрғындары: Плодоягодное ауылы құрылғанынан бері түрлі жеміс ағаштарының көшеттерін, әр-түрлі алма сорттарын және жеміс-жидектер өсіріп, сатып, облыс, республика көлемінде атағы шыққан. Бүгінгі күнде ауыл тұрғындары өздерінің үйлерінің іргесіндегі жер телімдеріне түрлі гүлдер, алма ағашының көшеттерін егіп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Біздің тұрып жатқан ауылымыздың Плодовоягодное деген атауын қазақшаға аударып, Жеміс-жидек ауылы деп аталуына біз өте қуаныштымыз. Бұл ұсынысты біз бірауыздан қолдаймыз.

         Сөйлегендер: Қ.Оңғарбаев,  Б.Альмеизова - жергілікті қоғамдастық мүшелері: Ауыл тұрғындары Плодовоягодный ауылын, бұрыннан қазақшалап Жеміс-жидек ауылы деп атайды. Дегенмен, ауыл атауының заңды түрде мемлекеттік тілде аталуы дұрыс. Сондықтан, ауыл тұрғындарының ұсынысын қолдаймыз.

         Сөйлеген: Е.Байболсынов - Жамбыл ауылдық округінің әкімі: «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы                          14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

         Қарсы - 39

         Қалыс - 1

         Қолдағандар –584  (оның ішінде жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны - 2)

         Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Плодовоягодное ауылын мемлекеттік тілде Жеміс-жидек ауылы деп қайта атау ұсынысын ауыл тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

 

  1. Жамбыл ауылына қарасты Плодовоягодное ауылы Жеміс-жидек ауылы деп қайта аталсын;
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

            Жиналыс төрағасы:                                   Е.Байболсынов

 

            Жиналыс хатшысы :                                  М.Қуанышбайқызы                 

 

Дата публикации
22 июля 2022
Дата обновления
22 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы