Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

Анықтама

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24-ақпандағы №138 Қаулысының 8-тармағы 2-тармақшасына сәйкес «Ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін жергілікті атқарушы органдар ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерімен бірлесе отырыпөздерінің интернет ресурстарында (бар болса) және бұқаралық ақпарат құралдарында қажетті құжаттар мен материалдарды орналастырады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасына орай және 2022 жылдың 9 маусымындағы ауыл тұрғындарының ұсынысы негізінде Жамбыл ауылдық округіне қарасты, Плодовоягодное ауылыныңатауын қазақша «Жеміс-жидек» деп өзгерту туралымәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 

ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округ әкіміне хаттамалық тапсырма берілді.

Жамбыл ауылдық округіндегі Плодовоягодное ауылында 474 түтін, 2087 халық тұрады. Плодовоягодное ауылында 19 көше қазіргі заманға сай абаттандырылған. Ауыл толығымен газдандырылған,жарық және ауыз су жүргізілген. Плодовоягодное ауылында №44 орта мектеп, 3 бала-бақша, 1 монша, 1 СВА, 1 пошта орналасқан. 1999 жылы 18 қаңтарда Плодовоягодное деп атау жөнінде  Жамбыл облысы әкімінің №8 қаулысы шыққан.

Плодовоягодное ауылының атауын Жеміс-жидек деп өзгертуге (ауыл атауы жазылған (аншлаг) көрсеткіш тақтасын орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

Плодовоягодное ауылында Кеңес Одағынан бері түрлі жеміс ағаштарының көшеттері, әр-түрлі алма сорттары және жеміс-жидектер өсірілген. Облыс, республика көлемінде атағы шыққан ауыл. Бүгінгі күнде ауыл тұрғындары өздерінің үйлерінің іргесіндегі жер телімдеріне түрлі гүлдер, алма ағашының көшеттерін егіп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Осыған орай ауыл тұрғындары осы Плодовоягодное ауылының атауын Жеміс-жидек деп өзгертуді сұрайды.

 

Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты

 

                                                Хабарландыру

         2022 жылдың 18-шілдесінде, сағат 17:00-де, Жамбыл ауылдық округі Плодовоягодное ауылы № 44 ЖББМ ғимаратында Жамбыл ауылдық  округіне қарасты Плодовоягодное ауылының атауын өзгертуге байланысты қоғамдастық мүшелері мен ауыл тұрғындарының жиналысы өткізіледі.

Дата публикации
15 июня 2022
Дата обновления
15 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара
Ақпарат
18 октября 2026
Мерке

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы