Республикалық референдумның қорытындысы бойынша семинар кеңес
2022 жылдың 7 маусымында Меркі ауданының әкімідігінде Рнспубликалық референдумның қорытындысы бойынша жиын өтті. Жиынға Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, ауыл әкімдері, аудандық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері, бөлім басшылары қатысты.
Аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы жалпыхалықтық референдумның ауданымызда жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтіп, саяси науқанға атсалысқан барша қызметкерлерге алғыс айтты.
Одан кейін, Республикалық референдум шараларын ұйымдастыру мен өткізуде белсенділігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.