РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ
Учаскелік референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру туралы семинар кеңес
2022 жылдың 27 мамыры күні Меркі аудандық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төрағаның орынбасары, хатшыларының қатысуымен семинар кеңес өткізілді.
Аудандық референдум комиссиясының төрағасы Ш. Абылкасымов референдум комиссиялары мүшелерін оқыту бойынша баяндама жасады. Оқу бағдарламасының негізінде, учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің қашықтықтан кезең-кезеңімен оқыту жүргізіліп жатқандығын баяндады.
Референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздері мен ерекшеліктерін, референдум өткізудің мәні, принциптері мен негізгі рәсімдерін, азаматтардың референдумға қатысу құқығын іске асырудағы референдум комиссияларының орны мен рөліне тоқталып өтті.
Аудандық референдум комиссиясының хатшысы Г. Далиева дауыс беруге арналған үй-жайдың мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін қолайлылығын, оларға арналған бұрыштың жабдықталуы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде түсіндіріп өтті.
Халыққа қызмет көрсету бөлімшесінің HR менеджері Г. Болат, дауыс беру күні учаскелерде қызмет көрсететін онлайн-сервис жүйесі жөнінде түсінік берді.