Меркі аудандық референдум комиссиясының хабары
2022 жылдың 13 мамырында Меркі аудандық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа аудан әкімінің аппарат басшысы А. Нәметқұлов, аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы – Р. Жантаев, Меркі ауданының прокуроры – Е. Әмірхан; аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің қызметкрі – Қ. Сарбасова, аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы А. Майноусов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы – Қ. Дәрімқұлов, ауылдық округ әкімдері, аудандық референдум комиссиясының (аудандық сайлау комиссиясының) мүшелері, учаскелік референдум комиссиясының (учаскелік сайлау комиссияларының) төрағалары және хатшылары қатысты.
Комиссия отырысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы, Республикалық референдумға қатысушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдында үгіт-насихат жүргізу, 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау, Республикалық референдум алдында үгіт жүргізу кезінде COVID-19 короновирус инфекциясының таралуының алдын-алу жөніндегі шаралар туралы баяндамалар жасалды.
Жиын соңында, қатысушылармен қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.