Меркі аудандық референдум комиссиясының хабары
Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Меркі ауылдық округін аралау барысында аумақтағы референдум учаскелерінің саяси науқанға дайындық барысын зерделеді.
Аумақтағы №275, 276 және 477 референдум учаскелерінде болып, референдум комиссияларының төраға-төрайымдарымен пікір алмасты.
Жорабек Нұрмергенұлы референдум комиссияларының басшыларына ел тарихындағы саяси науқанның жоғары деңгейде өткізілуін жан-жақты қамтамасыз етуді тапсырды.
Аталған референдум учаскелері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тактильді жолақтармен, брайль тақтасымен қамтылып, үйден дауыс беру және қажет жағдайда инвотакси қызметтерімен де қамтылған.