Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат

Меркі ауданы Ақтоған  ауылдық округі әкіміне кандидаттарды

 тіркеу қорытындылары туралы ақпарат

        

Меркі аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 24 сәуірге тағайындалған Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты               а.ж. 13 сәуірі күні  аудандық және №269 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен комиссия отырысын өткізді. Комиссия отырысына Ақтоған ауылдық округі әкіміне кандидаттар және олардың тіркелген сенім білдірген өкілдері шақырылды. Күн тәртібінде Ақтоған ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары және сайлау алдындағы үгіт мәселелері қаралды.

Кездесуде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тіркелген кандидаттарға куәліктер берілді. Кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне сайлау процесі кезіндегі құқықтары мен міндеттері жайлы, сонымен қатар, сайлау процесі кезінде анықталған заң бұзушылықтар туындаған жағдайда тиісті деңгейдегі мемлекеттік органдарға (сот, прокуратура) шағымдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудандық сайлау комиссиясы а.ж. 13 сәуірдегі жағдай бойынша 4 кандидатты тіркеді (100 %). Тіркелген 4 кандадаттың 3-і  өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, 1-і «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.

Ақтоған ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттар туралы ақпарат:

  • Өзін-өзі ұсынған Абдіразақ Данияр Ақылбекұлы 1993 жылы туған, ЖК «Абдіразақ» директоры, Ақтоған ауылында тұрады.
  • «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Жұманұлы Айбол 1990 жылы туған, Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ақтоған ауылында тұрады.
  • Өзін-өзі ұсынған Медетбеков Нурланбек Талгатович 1988 жылы туған, Меркі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы, Ақтоған ауылында тұрады
  • Өзін-өзі ұсынған Сраилов Дулат Сеилтаевич 1988 жылы туған, Жамбыл ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушысы, Ақтоған ауылында тұрады.
Дата публикации
14 апреля 2022
Дата обновления
14 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы