Жамбыл облысы Меркі аудандық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Меркі ауданында 2022 жылғы 24 сәуірге Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2022 жылғы 24 сәуірге тағайындалған Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Меркі Ақиқат" газетінде жариялансын
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы Г. Далиева
Меркі ауылы
2022 жылғы 25 наурыз
№ 4