Ол үшін жеке куәлік қана керек. Ал жеңілдігі бар азаматтар үшін мәртебесін растайтын құжат (зейнетақы куәлігі, қорғаншылық құжаттар, туу туралы куәлік және т.б.) болса жеткілікті.
Емханаға тіркелу үшін келесі үш тәсілдің бірін пайдалана аласыз:
Электронды порталда авторизациядан өткен соң, басты беттегі «Денсаулық сақтау» бөлімінен қызметтің атауын табасыз.
Ары қарай қызметке онлайн тапсырыс беріп, ЭЦҚ-мен қол қоясыз.
Жауап жеке кабинетіңізге бір күнде келіп түседі.
Емханаға еркін тіркелу 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізіледі. Қызмет тегін көрсетіледі.