ОЙТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Бүгін, 9 қыркүйекте Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға Ойтал ауылдық округіне қарасты №284, №285, №286 және №479 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Семинарды Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш. Абылқасымов ашып, қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырды.
Семинар барысында:
- «Кейстік сұрақтар арқылы сайлауға дайындық» тренингі;
- «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны өткізілді.
Қатысушылар сайлау процесін ұйымдастыру, кандидаттарды ұсыну және тіркеу, сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлауалды үгіт жүргізу, байқаушылармен жұмыс және қолданыстағы сайлау заңнамасының талаптарын сақтау бойынша кейстік тапсырмаларды орындады.
Ситуациялық жағдайлар талқыланып, қатысушылар өз пікірлерімен ашық бөлісті. Бұл өз кезегінде сайлау күні туындауы мүмкін мәселелерді алдын ала пысықтауға мүмкіндік берді.
«Дауыс беру күні» іскерлік ойынын №285 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Д. Маратұлы өткізіп, сағат 06:00-ден 20:00-ге дейінгі дауыс беру процесінің негізгі кезеңдерін іс жүзінде көрсетті.
Сонымен қатар байқаушыларды, сенім білдірілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін арнайы журналға тіркеу тәртібі бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.
Семинар-тренинг учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттырып, сайлау процесін заң талаптарына сәйкес сапалы ұйымдастыруға бағытталды.