Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданында Құрылтай депутаттарын сайлауына дайындық аясында онлайн сервисті пайдалану бойынша оқыту өткізілді

Меркі ауданында Құрылтай депутаттарын сайлауына дайындық аясында онлайн сервисті пайдалану бойынша оқыту өткізілді

 

2026 жылғы 18 тамыз күні Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауына дайындық аясында Меркі аудандық мәдениет үйі ғимаратында онлайн сервистік орталықпен қамтылған сайлау учаскелерінде дауыс беру күні азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру сервисін орнату және пайдалану мәселелері бойынша жауапты мүшелерге оқыту семинары өткізілді.

          Оқытуды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы»    коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Меркі аудандық бөлімінің мамандары Н.Т.Өмірбаев және Б.Қ.Дәулет жүргізді.

          Оқыту барысында қатысушыларға:

  • азаматтардың тіркелуін тексеру онлайн сервисін пайдалану тәртібі,
  • жүйені орнату және іске қосу алгоритмі,
  • дауыс беру күні туындауы мүмкін техникалық мәселелерді шешу жолдары түсіндірілді.

          Семинар нәтижесінде учаскелік комиссия мүшелері онлайн сервисті пайдалану бойынша қажетті тәжірибелік білім алып, сайлау күні азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті.

          Бұл шара сайлауды ұйымдастыру барысында ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ сайлаушыларға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Дата публикации
18 августа 2026
Дата обновления
18 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы