Меню

Страницы

Статья

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясында кезекті отырыс өтті

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясында кезекті отырыс өтті

2026 жылғы 1 шілдеде Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық және оны ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Отырыста сайлау науқаны ресми түрде тағайындалған күннен бастап сайлау комиссиялары өз құзыреті шеңберіндегі жұмыстарды бастап кеткені атап өтілді. Дайындық шаралары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны айтылды.

Жиын соңында Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш. Абылкасымов комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі сайлау науқанын сапалы өткізудің негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол сайлау процесіне қатысатын барлық тараптың сайлау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауы маңызды екенін жеткізді. Комиссия мүшелеріне сайлау науқанын заң талаптарына толық сәйкестікпен, ашықтық және жариялылық қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Дата публикации
09 июля 2026
Дата обновления
09 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы