“Жас сайлаушылар” клубының жұмыстары
Бүгін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлының төрағалығымен “Жас сайлаушылар” клубының жұмыстары және алдағы атқарылатын іс-шаралар шеңберінде ZOOM платформасы арқылы бейне конференциясы өтті.
Аталған шараның жүргізілу тәртібіне сәйкес Қордай және Сарысу аудандық “Жас сайлаушылар” клубтарының атқарылған жұмыстары тыңдалды. Сондай-ақ Жамбыл облыстық “Жас сайлаушылар” клубының төрағасы Айбек Амансейтұлы Қызылорда қаласында өткен Республикалық жас сайлаушылар форумында алған тәжірибесімен бөлісіп, алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Бейне конференция соңында Талғат Салқанұлы “Жас сайлаушылар” клубының жұмыстарын жандандыру және әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.