Меркі ауданында референдумға дайындық аясында онлайн сервисті пайдалану бойынша оқыту өткізілді
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық аясында Меркі аудандық мәдениет үйі ғимаратында онлайн сервистік орталықпен қамтылған референдум учаскелерінде дауыс беру күні азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру сервисін орнату және пайдалану мәселелері бойынша жауапты мүшелерге оқыту семинары өткізілді.
Оқытуды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Меркі аудандық бөлімінің мамандары Н.Т.Өмірбаев және Б.Қ.Дәулет жүргізді.
Оқыту барысында қатысушыларға:
Семинар нәтижесінде учаскелік комиссия мүшелері онлайн сервисті пайдалану бойынша қажетті тәжірибелік білім алып, референдум күні азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті.
Бұл шара референдумды ұйымдастыру барысында ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ сайлаушыларға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.