еніңше, Жаңа Конституция ең алдымен әділеттілік қағидатын нығайтуға бағытталған. Онда адам құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән беріліп, әр азаматтың заң алдында теңдігі нақты айқындалған. Бұл – қоғамда сенім мен тұрақтылықты қалыптастырудың басты кепілі.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтауға және халықтың ел тағдырына белсенді араласуына мүмкіндік беретін тетіктер қарастырылған. Бұл өзгерістер елдің демократиялық дамуына серпін беріп, жауапкершілік мәдениетін арттырады деп сенемін.
Жаңа Конституция – болашаққа бастар нық қадам. Ол еліміздің өркендеуіне, азаматтардың әл-ауқатының артуына және бірлігіміздің нығаюына қызмет етеді деп ойлаймын.
Сабденбекова Калан
Ауыл тұрғыны