Меню

Страницы

Статья

Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

         Отырысқа аудандық аумақтық референдум комиссиясы және учаскелік референдум комиссия төрағалар, төраға орынбасарлары және хатшылар қатысты.

Комиссия отырысын ашқан аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов, 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум өткізу процесінде учаскелерді талапқа сай жабдықтау, заң талаптарының қатаң сақталуы, дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттары мен рәсімдері туралы жан-жақты түсіндірді.

Аудандық референдум комиссиясының хатшысы О.Тойбаев баяндама жасап, дауыс берушілердің тізімдерін жасау бойынша жұмысты жергілікті атқарушы органдар тағайындалғаннан кейін бірден бастап, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмыс жүргізу тәртібі, оларды нақтылау және жаңарту шаралары, байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау алгоритмі туралы, референдумға қатысты құжаттарды дұрыс рәсімдеу, есептік құжаттаманы жүргізу, ақпараттық тақталарды әзірлеу талаптары, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша нақты түсіндірмелер берді.

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу барысы Күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуге тиіс екендігіне назар аударылу қажет екендігі ескертілді.

Меркі аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Дата публикации
23 февраля 2026
Дата обновления
23 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы