Ол мемлекеттің саяси жүйесін жетілдірумен қатар, қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған. Конституциялық өзгерістер арқылы басқару құрылымында белгілі бір жаңашылдықтар енгізіліп, шешім қабылдау үдерісінің тиімділігі арттырылды. Бұл мемлекет қызметінің ашық әрі есеп беретін болуына негіз қалайды.
Менің пікірімше, жаңа Конституцияның маңызды қыры – азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуі. Сайлау жүйесіндегі өзгерістер мен қоғамдық бақылау тетіктерінің дамуы халықтың белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар әлеуметтік мемлекет қағидаларының нақтылануы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған саясаттың жалғасатынын көрсетеді.
Әрине, кез келген реформаның табысы тек заң мәтініне емес, оның орындалуына байланысты. Егер қабылданған нормалар нақты жүзеге асса, бұл өзгерістер елдегі тұрақтылықты сақтай отырып, демократиялық құндылықтарды нығайтады. Сондықтан жаңа Конституцияны Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына жол ашатын маңызды қадам деп есептеймін.
Абдуалиева Бекзат Мәкенқызы