Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат. Қазақстан үшін бұл өзгерістер саяси жүйені жаңғыртуға және әділетті қоғам құруға бағытталды. Басты назар – билік тармақтарының теңгерімін күшейту мен азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыруға аударылды.
Парламенттің өкілеттігі кеңейіп, оның Үкіметті бақылау мүмкіндігі артты. Бұл – мемлекеттік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қадам. Сонымен қатар, Конституциялық Сот құрылып, азаматтардың өз құқықтарын қорғау тетігі күшейтілді.
Ең маңыздысы – адам құқықтары мен бостандықтарының басымдыққа ие болуы. Конституцияда адамның қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде белгіленді. Бұл – құқықтық мемлекет қағидасының нақты көрінісі.
Жалпы алғанда, Жаңа Конституция – тек заңнамалық өзгеріс емес, ол қоғамның жаңаруына серпін беретін стратегиялық бағыт.
Шымырбаева Индира Лесханкызы “Айя-Жан” ЖК