Жаңа Конституция әр азаматқа құқық қана емес, жауапкершілік те жүктейді. Қазақстан қабылдаған өзгерістер басқару жүйесін тиімді етуге бағытталған.
Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік сақталып, Үкіметтің есеп беру механизмі күшейтілді. Бұл – мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік әділеттілік қағидалары да айқындала түсті. Мемлекет әлеуметтік қолдауды күшейтіп, тең мүмкіндіктер жасауға міндеттеледі.
Жаңа Конституция – болашаққа бағытталған құжат. Оның нәтижесі әрқайсымыздың белсенділігіміз бен заңға деген құрметімізге байланысты.
Ақшабаева Балнұр Рысқұлқызы. Жеке кәсіпкер.