Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халық пікірінің маңызын арттыру. Қазақстан референдум арқылы маңызды өзгерістерді бекітіп, азаматтардың ел тағдырына қатысу мүмкіндігін кеңейтті.
Аралас сайлау жүйесінің енгізілуі саяси бәсекелестікті күшейтіп, Мәжіліс құрамының жаңаруына жол ашты. Бұл – әртүрлі көзқарастардың ескерілуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені нақты көрсетілді. Бұл норма ұлттық байлықтың қоғам игілігіне қызмет етуі тиіс екенін айқындайды.
Қорытындысында, Жаңа Конституция – мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтатын қадам.
Хусейнова Фатима, Меркі ауылының тұрғыны