Меню

Страницы

Статья

Сайлау мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өтті

Сайлау мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өтті

         Қазақстан Республикасында сайлау институтын дамыту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және демократиялық құндылықтарды нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Елімізде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сайлау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Меркі  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

         Сайлау туралы заң үстемдігінің маңызын түсіндіру, және жастардың сайлау туралы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейінің жоғары сынып оқушыларымен «Біздің еліміздегі сайлау» тақырыбында өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңының сайлау процесіндегі маңызы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар сайлау заңнамасының үстемдігі мен оның сақталуы жөнінде маңызды мәліметтер алды.

         Ал аудандық А.Асқаров атындағы көпсалалы колледж білімгерлерімен «Тәуелсіздік сайлау тарихындағы шешуші белес» тақырыбындағы дөңгелек үстелде еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен жүргізілген реформалар талқыланды. Сайлаудың демократиялық дамудағы рөліне ерекше назар аударылды.

         Сонымен қатар №22 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен  «Сайлаудағы басты ұстаным – ашықтық пен әділдік» тақырыбындағы кездесуде сайлау процесінің жариялылығы мен әділ өткізілуінің маңыздылығы айтылды. Ашықтық – қоғам сенімінің басты кепілі екені атап өтілді.

         № 9 Меркі колледжінің білімгерлерімен «Инклюзивті сайлау» тақырыбында өткен кездесуде барлық азаматтардың, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар жандар мен жастардың сайлауға тең дәрежеде қатысу мүмкіндіктері сөз болды.

         Іс-шаралар аясында №44 жалпы орта білім беретін мектебінде сайлау процесіндегі кәсібилік пен алқалықты арттыруға бағытталған интеллектуалдық ойындар, сұрақ-жауап және кейстік тапсырмалар ұйымдастырылды. Бұл қатысушылардың тәжірибелік білімін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Аталған іс-шаралар азаматтардың сайлау туралы білімін тереңдетіп, демократиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етті.

 

 

 Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 февраля 2026
Дата обновления
06 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы