Жаңа Конституция жобасының ашық жариялануы — қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің нығайып келе жатқанының айқын белгісі. Бұл қадам азаматтардың пікіріне мән беріліп, маңызды шешімдер ашықтық қағидатымен қабылданатынын көрсетеді.
Қоғам мен билік арасындағы тұрақты диалог сақталған жағдайда, әрбір ұсыныс пен пікір ескеріліп, заң халықтың нақты сұранысына сай қалыптасады. Ашық талқылау — әділетті әрі тиімді басқарудың негізі.
Осындай өзара түсіністік пен сенімге құрылған бастамалар елдің тұрақты дамуына, болашақ ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалыптастыруға оң әсер етеді деп сенемін.