Меню

Страницы

Статья

Жаңа Конституция жобасының көпшілікке ұсынылуы – Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы жолындағы айрықша мәнге ие кезең

Жаңа Конституция жобасының көпшілікке ұсынылуы – Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы жолындағы айрықша мәнге ие кезең. Аталған құжат тек заңнамалық негіздерді айқындаумен шектелмей, ұлттық идеологияны жаңаша пайымдауға, қоғамдық сананы қазіргі тарихи өзгерістерге бейімдеуге бағытталған стратегиялық бастама болып табылады. Конституцияда адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық ретінде бекітілуі азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті тереңдетіп, құқықтық мәдениет пен заңға құрметті нығайтудың берік іргетасын қалайды.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасында қоғамдық келісімді сақтау, ұлттық бірлікті бекемдеу, ұлтаралық татулықты нығайту және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету қағидаттары жүйелі түрде қамтылған. Бұл ұстанымдар ел ішіндегі бейбіт өмір мен тұрақты дамудың сақталуына, мемлекетшілдік сана мен азаматтық жауапкершіліктің артуына ықпал етеді. Құжатта білім беру, ғылым, мәдениет және жастар тәрбиесі елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі басым бағыттары ретінде айқындалған. Мұндай нормалар жас ұрпақтың тарихи жадысын қалыптастырып, отансүйгіштік пен елжандылық рухын күшейтуге жол ашады.

Дата публикации
06 февраля 2026
Дата обновления
06 февраля 2026
Тип
Қоғамдық пікір

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы