Меркі ауданы Меркі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері
жиналысының
№4 ХАТТАМАСЫ
Меркі ауылы 07.11.2025 жыл.
Жиналыс төрағасы: Ғ.Байарыстан -
Меркі ауылдық округінің әкімі
Жиналыс хатшысы: С.Агадилова –
Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маман ӘТО инспекторы
Жиналысқа қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері - 18 адам
Күн тәртібінде:
Меркі ауылындағы жаңа көшеге Артықбай Нарматов көшесі атауын беру туралы
Тыңдалды: Ғ.Байарыстан – Меркі ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Меркі ауылындағы жаңа көшеге Жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерінің есімін ұлықтау мақсатында Артықбай Нарматов көшесі деп атау беру туралы өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.
Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19- бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).
Сөйлеген: Қ.Душанов– жергілікті қоғамдастық мүшесі: Меркі ауылындағы жаңа көшеге Артықбай Нарматов көшесі деп атау беру туралы ұсынысты қолдаймын. Артықбай Нарматов Ұлы Отан соғысында оқ пен оттың ортасында қан кешкен, жеңіске жетуіне үлес қосқан соғыс ардагері, біз жылдардан алыстаған сайын, жас ұрпақтар соғыстың тарихи мәні мен маңызын тереңірек түсініп бара жатыр, сондықтан соғыс ардагеріне көше атын беруге қарсы емеспін.
Сөйлеген: С.Қалманбетов – жергілікті қоғамдастық төрағасы: Меркі ауылындағы жаңа көшеге Артықбай Нарматов есімін беру – дұрыс деп ойлаймын. Жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға баулиды.
Сөйлеген: Т.Дуанабаев – ақсақалдар алқасының төрағасы: Ұлы жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлер есімдерін ұлықтау өте дұрыс. Артықбай Нарматов есімін көшеге беру туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын.
Сөйлеген: Ғ.Байарыстан – Меркі ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Меркі ауылындағы жаңа көшеге Артықбай Нарматов көшесі деп атау беру бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.
Қолдағандар: 18 адам;
Қарсы болғандар: 0 адам;
Қалыс қалғандар: 0 адам.
Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Меркі ауылындағы жаңа көшеге Артықбай Нарматов көшесі деп атау беру туралы ұсыныс жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілік дауысымен қолдау тапқандығын жариялады.
ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:
Жиналыс төрағасы Ғ. Байарыстан
Жиналыс хатшысы С. Агадилова