Меню

Страницы

Статья

АУДАН ӘКІМІ АСПАРА ЖӘНЕ АҚЕРМЕН АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов Аспара және Ақермен ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, олардың шешу жолдарын бірлесе талқылау болды.

Аспара ауылында өткен кездесуде тұрғындар бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, ауылдағы ескі мектеп ғимаратын тиімді пайдалану, №2 жалпы білім беретін мектепті газ желісіне қосу, Қайыңдысай ауылына түнгі жарық орнату, бұрынғы амбулатория ғимаратын тұрғын үй ретінде пайдалану және мектепке баратын жолға тротуар салу қажеттігі айтылды.

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов көтерілген мәселелердің барлығын назарға алып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Кейбір сұрақтар бойынша сол жерде тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, әр өтінішке заң аясында түсініктеме берді.

Түстен кейін Ақермен ауылдық округінде өткен кездесуде де тұрғындар өз ұсыныстарын білдірді. Ауыл жастары үшін спорт кешенін салу, елді мекенге дәрігер маман тарту және Беларық ауылына апаратын жолдағы шұңқырларды жамау қажеттігі жөнінде мәселелер қозғалды.

Аудан әкімі бұл сауалдарға нақты түсініктеме беріп, аталған бағыттарда жұмыстардың кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың пікірлері мен ұсыныстары ауданның даму жоспарында ескерілетінін атап өтті.

Дата публикации
14 октября 2025
Дата обновления
14 октября 2025
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы