Меню

Страницы

Статья

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Меркі ауданы әкімі Ербол Жиенқұловтың 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған халықпен тұрақты кездесулері бастау алды.

Кездесудің алғашқысы Меркі ауылдық округінде өтті. Аудан әкімі ауыл тұрғындарына аудандағы соңғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде кеңінен баяндап, әр салада атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталды. Сонымен қатар, алдағы жоспарлар туралы да егжей-тегжейлі айтып өтті. Әсіресе, Меркі ауылдық округінің ауыз су жүйесін толықтай жаңарту алдағы басты міндеттердің бірі екендігін ерекше атап өтті.

Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерінің көкейкесті сауалдарын қойып, ауылішілік көшелерді кеңейту, қоқыс полигонын реттеу сынды өзекті мәселелерді көтерді. Аудан әкімі бұл мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтып, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Кездесу соңында тұрғындар аудан әкімінің бастамалары мен атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, Ербол Жиенқұлов жиыннан кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, әрқайсысының өтінішін тыңдады.

Дәл осындай мазмұнды кездесу түстен кейін Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен де өтті. Онда да жергілікті проблемалар талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы