Меню

Страницы

Статья

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Сейсенбі күні  аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Сарымолдаев және Ақтоған ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде кеңінен баяндап, негізгі салалардағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.

2025 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша аудан экономикасында оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 19,2 млрд теңгені құрап, өсім 107,3 пайыз болды. Ал негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 22,1 млрд теңгеге жетіп, 118,3 пайыздық көрсеткішке қол жеткізілді. Жалпы алғанда, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақтылығын сақтап, негізгі бағыттарда жоспарлы межелер орындалуда.

Ербол Жұмабекұлы ауданның басты даму бағыты болып саналатын ауыл шаруашылығы саласына ерекше тоқталды. Атап айтқанда, ол рентабельділігі жоғары дақылдарды егудің маңыздылығына назар аударып, бұл бағытта ауыл шаруашылығын әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және өнім сапасын арттырудың қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындар көгілдір отынмен қамту, жол жөндеу және ауылдық дәрігерлік амбулаторияға дәрігер қажеттігі сынды өзекті мәселелерді көтерді. Аудан әкімі барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, көтерілген мәселелердің назарда болатынын айтты.

Кездесуден кейін Ербол Жұмабекұлы азаматтарды жеке қабылдап, олардың жеке өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы