Меню

Страницы

Статья

АУДАН ӘКІМІ СҰРАТ ЖӘНЕ ЖАҢАТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесулер барысында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, жүзеге асқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен тоқталды.

Сұрат ауылдық округінде биыл бірқатар ауқымды инвестициялық жобалар қолға алынуда. Соның ішінде құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын “Қайсар” шаруа қожалығының сүт тауарлы фермасы және 800 млн. теңгелік “СПК Даму Сұрат” көкөніс қоймасы ауылдың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастамалар саналады. Сонымен қатар, “Сұрат ауылы” биылғы “Үздік ауыл” байқауына ұсынылып отыр.

Ауыл тұрғындарының көптен күткен өтініштерінің бірі – №19 мектепті күрделі жөндеу мәселесі. Бұл жұмыс 2026 жылға жоспарланып, назарда ұсталып отыр.

Кездесуде тұрғындар Аққайнар ауылы көшелеріне түнгі жарық орнату және қаңғыбас иттер мәселесін көтерді.

Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдары бойынша түсініктеме беріп, жауапты бөлім мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Жаңатоған ауылдық округінде өткен кездесуде де тұрғындар ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Қаңғыбас иттер мәселесімен қатар, балаларды спортқа баулитын жаттықтырушы қажеттігі мен жайылымдық жер тапшылығы айтылды. Аудан әкімі бұл мәселелерді назарға алып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы