Меню

Страницы

Статья

АУДАН ӘКІМІ АНДАС БАТЫР ЖӘНЕ КЕҢЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Андас батыр және Кеңес ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде кеңінен баяндады. Әкім негізгі салаларда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

Биыл Андас батыр ауылдық округінде бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Андас-3 су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр, Шалдовар ауылының ауызсу жүйесі толықтай жаңартылуда. Ал Гранитогор елді мекенінің ауызсу жүйесі толық жаңартылды. Сондай-ақ биыл округ аумағындағы 11 көшеге асфальт төселді, келесі жылы Гранитогор елді мекеніндегі көшелерді жаңарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, келесі жылы Андас батыр шекара бекеті толықтай жаңғыртылмақ. Тұрғындар тарапынан бірнеше жылдан бері көтеріліп жүрген Қызыл қыстақ ауылындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ − бұл жоба 2027 жылға арналған жоспарға енгізілді.

Кездесу барысында тұрғындар Арал қыстақ ауылындағы газ қысымының төмендігі, Қызыл қыстақ ауылындағы кіші футбол алаңының қажеттілігі және жайылым мәселелері жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Әкім тұрғындарды жеке қабылдап, әрбір сұраққа жеке назар аударды. Ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Түстен кейін аудан әкімі Кеңес ауылдық округінің халқымен кездесті. Онда да ауданның даму көрсеткіштері баяндалып, тұрғындар көкейдегі мәселелерін ортаға салды. Кеңес ауылындағы тұрғындар ауылға ортақы бірқатар мәселелерді көтеріп,  ұсыныстарын айтты.

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов кездесулер барысында көтерілген барлық мәселелерді бақылауға алып, тиісті зерделеу жүргізіп, шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар енгізуді жауапты тұлғаларға тапсырды.

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы