Меню

Страницы

Статья

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

 

 


⠀
Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқанындай, ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын, ел ертеңін тәрбиелейтін ұлы тұлға. Сіздердің әрбір сөзіңіз бен үйреткен біліміңіз жас ұрпақтың жүрегінде өшпес із қалдырып, өмір жолына бағыт-бағдар береді.
⠀
Мемлекет тарапынан соңғы жылдары ұстаздардың мәртебесін арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл – еңбектеріңізге деген құрметтің, ұстаздық қызметтің қоғамдағы айрықша орнын мойындаудың айғағы.
⠀
Меркі ауданының білім саласында еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға алғыс айтамын. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен адал қызметтеріңіз – ауданымыздың дамуы мен жас ұрпақтың тәрбиесіне қосылған зор үлес.
⠀
Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық береке және шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене берулеріңізді тілеймін!
⠀
Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар!

 

 
 
 
Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы