Меню

Страницы

Статья

Қадірлі қариялар, ардақты ардагерлер!

Қадірлі қариялар, ардақты ардагерлер!
⠀
Баршаңызды 1-қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан, ұрпақ тәрбиесінде өнеге болған аға буынға деген шынайы құрметтің белгісі.
⠀
Қарияларымыз – тарихтың тірі куәгері, елдің еңсесін көтерген майталмандар. Сіздердің даналыққа толы ғұмырыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – кейінгі ұрпаққа бағдаршам, қоғамға рухани тірек. «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген дана сөздің мәні біздің өңірде әрқашан жоғары тұрады.
⠀
Мемлекет тарапынан қарттарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Зейнетақы жүйесі жетілдіріліп, әлеуметтік және медициналық қызметтер сапасы артуда. Ауданымызда да бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасып, қариялардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, бос уақытын тиімді өткізуіне, қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасалуда.
⠀
Құрметті қариялар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға шаттық пен береке тілеймін. Әр күніңіз мейірім мен мағынаға тола берсін!
Мереке құтты болсын!

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы