Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
⠀
Сіздерді 1-қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
⠀
Бұл күн – жаңа арман-мақсаттарға жол ашатын ерекше мереке. Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек. Биыл ауданымызда 1350 бала 1-сыныпқа қабылданды. Жаңа оқу жылында оқушыларымызға табыс, ұстаздарымызға қажыр-қайрат, ата-аналарға шыдамдылық тілеймін.
⠀
Сондай-ақ, 11-сынып түлектері үшін бұл оқу жылы ерекше жауапты кезең. Олар үлкен өмірге жолдама алып, болашақ мамандықтарына қадам жасайды.
⠀
Ауданымыздың білім саласы қарқынды дамуда: үш ауысымды оқыту жойылды, заманауи зертханалар мен «STEM» кабинеттері ашылды, мектептер толық интернетпен қамтылды. Өткен жылы түлектеріміздің 58-і «Алтын белгі», 92-сі үздік аттестат иегері атанып, 60%-ы мемлекеттік грантқа ие болды.
⠀
Жаңа оқу жылы әр шаңыраққа қуаныш пен жетістік әкелсін!
⠀
1-қыркүйек – Білім күні құтты болсын!