Меню

Страницы

Статья

Меркі аудандық мәслихатының депутаттығына №7 және №13 бірмандаттық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттармен кездесу

Меркі аудандық мәслихатының депутаттығына №7 және №13 бірмандаттық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттармен кездесу

 

Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов 2025 жылдың 26 қазанына №7 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына тағайындалған сайлауға тіркелген үміткерлермен кездесу өткізді. «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» заңының 27-36 баптарында көрсетілген сайлау алдындағы үгiтті жүргізу тәртібі, құқықтары мен ережелерін таныстырып өтті.

Жалпы тіркелген 6 үміткерге сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталатындығын айтты.

Үгіт үш негізгі тәсілмен:

1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;

2) сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы;

3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүзеге асырылады.

Үгіт жүргізу үшін қаражат қарастырылғанын және кандидаттарға қолма-қол берілмейтіндігін, тапсырысты орындаған мекеме орындалған туралы есепті сайлау комиссиясы қабылдап, сол арқылы қаржы тапсырысты орындаған мекемеге аударылатынын түсіндірді.

№7 және №13 округтік сайлау комиссиясының төрағалары Н.Тулебаев пен С.Сеитова үміткерлердің сайлау тәртібін сақтауға шақырып, тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктерін табыстады.

 

Дата публикации
02 октября 2025
Дата обновления
02 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Ақпарат
18 октября 2026
Акермен
Ақпарат
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы