Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 тамыздағы «Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын, «Жер кодексінің» 84-бабының 3, 7-тармақтарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағын, «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«жалпы ауданы 93,0 гектар жер учаскесінің, бір бөлігі 69,0 гектар жайылым (кадастрлық нөмірі 06-092-064-001)» деген сөздер «жалпы ауданы 87,7986 гектар жер учаскесінің, бір бөлігі 34,9778 гектар оның ішінде жайылым 27,0393 гектар, тәлімді егістік 7,9385 гектар (кадастрлық нөмірі 06-092-064-369)» деген сөздермен өзгертілсін;
«жалпы ауданы 93,0 гектар жер учаскесінің, бір бөлігі 69,0 гектар жайылым (кадастрлық нөмірі 06-092-064-001)» деген сөздер алынсын.
Аудан әкімі Е.Жиенқұлов
Енгізуші:
Аудан әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі басшысы Д.Нурпеисов